Ескі архив · 15.10.2015 13:14

Астанадағы «Expo-2017» көрмесі қарсаңында қазақстандықтар БАӘ-не визасыз ұша алады

Қазақстандықтар «Expo-2017» көрмесі қарсаңында Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз ұша алады. Осы елге іссапармен барған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев шетел билігімен осындай келісімге келді – деп хабарлайды Қазақпарат. «Келіссөз барысында БАӘ Астанада өтетін көрмеге қатысатындығын тағы растады. Сондай-ақ виза алуды жеңілдету туралы келісімге келдік. Қазіргі уақытта дипломатиялық қызметтегі адамдар үшін виза жүйесін алып тастадық. Енді Астанада өтетін көрме қарсаңында 30 күн бойы барлық жолаушылар визасыз жүруге құқылы», — дейді ҚР СІМ бірінші орынбасары, «Expo-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев. Сондай-ақ Астана мен Дубай арасында туристік компаниялардың бірлесе қызмет жасау туралы меморандумға қол қойылды. «Қазақстанға инвестиция салатындай беделді азаматтарды жіберіп, сіздердің көрікті қалаларыңызды тамашалауды ұсынатын боламыз», — дейді Al Khalidiah Tourism компаниясының президенті Сирак Мурадян.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту