Ескі архив · 16.10.2015 17:08

Астана жаһан астаналарымен бірге

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2015 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің астанасы Милан қаласына жасаған ресми сапары аясында Мэрлер Саммитіне қатысты. Қалалық азық-түлік саясатының Миландық Конвенциясына қол қою Мэрлер Саммитінің басты тақырыбына айналды. Аталмыш Конвенцияны ЭКСПО-2015 көрмесінің ең маңызды мұрасы деп атайды. Әлемнің жүзден аса қаласы бекіткен халықаралық протокол азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік жүйелерін дамытуға негізделген. Урбанизацияның қарқынды процесі салдарынан аталмыш пакт дұрыс тамақтану мен тұрақты тағам мөлшерін, қала және қала маңында азық-түлік өндіруді және азық-түлік саласындағы қызметті үстемелеуді көтермелеуге бағытталған. Бекітілген Конвенция Бүкіләлемдік азық-түлік күнінің салтанатты рәсімінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге таныстырылады, аталған шараға Ә. Жақсыбеков те қатысады. astana.gov.kz/kk/modules/material/9258
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту