Ескі архив · 19.10.2015 20:50

Астанада 11-сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиада өтеді

Астана қаласы Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада өткізетінін хабарлайды. Президенттік олимпиадаға бұрын соңды республикалық және халықаралық олимпиадаларының аталған пәндер бойынша жүлдегерлері мен жеңімпаздары болмаған 11-сынып оқушылары қатыса алады. Негізгі мақсаты: — Жаратылыстану-ғылыми пәндерге аса қабілетті, дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және дамытуды қамтамасыз ету; — Дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін, олардың кейінгі интеллектуалды дамуы мен кәсіби бағдарлануына қолайлы жағдай жасау; — Дарынды балаларды алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дайындау жолымен үздіксіз білім беру идеяларын іске асыру. Олимпиаданың өткізілу барысы: — Президенттік олимпиадаға әр қатысушысы барлық кезеңде тапсырмаларды төрт пәннен орындайды: математика, физика, химия, биология; — Олимпиадалық қатысушылардың теориялық білімін анықтау үшін тапсырмалар тест және олимпиадалық деңгейдегі есептер түрінде беріледі. Шарттары: — Олимпиадаға политехникалық бағыт бойынша интеллектуалдық әлеуеті жоғары оқушылар; Жалпы білім беру мекемелерінің лицей, гимназияларынан – 2, орта мектептерден – 1 оқушыдан қатысады. Олимпиадаға қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін алып келулері қажет. Президенттік олимпиада 2015 жылдың 30 қазанында №30 мектеп-гимназиясында өткізіледі. Сұраныс электронды және қағаз форматында 2015 жылдың 23 қазанына дейін мына мекен-жайда қабылданады: «Астана дарыны» ӨҒПО, Мәскеу көшесі.41, №62 МЛ, 3 қабат Қосымша ақпарат үшін. Тел. 39-84-68
Авторы:
Aiym

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту