Ескі архив · 19.10.2015 13:19

Астаналық полицейлер қысқа қамданып жатыр

Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда елордалық полицейлер құрамы дәстүрлі саптық шеру өткізді. Аталмыш іс-шара полицейлердің қысқы киім үлгісіне көшуі аясында ұйымдастырылды – деп хабарлайды astana.gov.kz сайты. Салтанатты саптық шеруге Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы, генерал-майор Амантай Әубәкіров қатысты. Салтанатты шара аяқталған соң елордалық гарнизонның барлық бөлімшелері саптық шеруге қатысты. Олардың қатарында учаскелік полиция қызметкерлері, тергеушілер, әкімшілік полиция қызметкерлері, оперативтік қызметкерлер, жол-патруль полицияның қызметкерлері бар. Шара барысында елордалық гарнизонның бөлімшелері ұжымшылдығы мен біліктілігін көрсетті.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту