Ескі архив · 20.10.2015 15:41

«Инватакси» игілігі

Жылдан жылға «Инватакси» қызметі ауқымын кеңейтуде. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша Астанада 905 адам аталмыш қызметке жүгінсе, оның ішінде тасымалданған мүгедек балалар саны – 166. Бұл – 9 айдағы көрсеткіш. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2014 жылы «Инватакси» қызметін 1000-ға жуық адам пайдаланған. 2010 жылдан бастап жүріп-тұруында қиындығы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта 17 «Инватакси» автокөлігі бар. Оның 5-еуі арбадағы мүгедектер үшін, 8-і мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін, 4-еуі №65 мектептің көзі көрмейтін оқушылары үшін тасымалдау қызметін атқаруда.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту