Ескі архив · 20.10.2015 15:47

Тұрғын үй құрылысында игерілген инвестиция көлемі – 92 млрд 765,4 млн теңге

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 92 млрд 765,4 млн теңгені құрады, деп хабарлады Астана қаласы Статистика департаменті. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1 274 751 шаршы метр 11576 пәтер пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 61,6%-ға жоғары. Жеке салушылар есебінен жалпы ауданы 32 911 шаршы метр тұрғын үйлер салынған. Бұл 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінен 65%-ға артық. Елордада жыл басынан бері тұрғын үйлердің 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 116,6 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 82,2 мың теңгені құрады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту