Ескі архив · 24.10.2015 15:03

«Астана» баскетболшыларының алғашқы жеңісі

Жақында ғана сайтымызда «Астана» баскетбол клубының құрамы тәжірибелі ойыншылармен жаңарғанын, жаңа маусымға тас-түйін дайын екендігін хабарлаған едік. Команда өз алаңында финляндиялық «Байзонс» клубын қабылдап, 83-80 есебімен жеңіске жетті. Бұл «Астананың» – ВТБ Бірыңғай лигасындағы алғашқы ұпайы. Рамунас Бутаутас баптайтын астаналық бойшаң ойыншылар бірінші кезеңде қонақтардан 25:16 ірі есебімен басым түсті. Одан кейінгі кезеңдерде «Байзонс» 24:23, 18:15, 22:20 есептерімен алға шықты. Дегенмен жалпы есепте «Астананың» бәсі жоғары болды. «Астана» құрамында 19 ұпайдан жинап, үздік ойын көрсеткендер – Джерри Джонсон мен Патрик Калатес. Ал, «Байзонс» сапынан Мартин Зено еншісіне 18 ұпай жазды. Турнир кестесінде «Астана» 4 ұпай еселеп, 11-сатыға жоғарылады. Келесі кездесуі 25 қараша күні сырт алаңда Чехияның «Нимбурк» командасына қарсы өтеді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту