Ескі архив · 26.10.2015 16:54

Астанада қысқы маусымға 85 су құбыры қондырғылары дайын

Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, су құбыры желісінде апатты жағдайды азайту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлерде және 13,6 км қашықтықта апаттық учаскелерде 85 су құбыры қондырғылары (2,8 км) ауыстырырылды. Бұдан бөлек, жеке меншік үйде тұратын тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 250 су бөлінетін мұнара бар. Бүгінгі күнде барлық су бөлінетін мұнаралар жөндеуден өтіп, қысқы маусымға дайын. Сонымен қатар, күнделікті кәріз желілерінде гидродинамикалық жуу, құдықтарды тазалау және жөндеу жұмыстары орындалады. Жалпы, ағымдағы жылы 15,9 км қашықтықта магистральді құбыр желісі тазартылған болатын. astana.gov.kz/kk/modules/material/9324
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту