Ескі архив · 30.10.2015 00:51

Мен ашылып жаза алмаған тақырып...

Бозторғайдай жас жанымыз шарқ ұрып, Қалам, қағаз жатыр мені шақырып. Тіл ұшына кеп тоқтады өлең-жыр — Мен ашылып жаза алмаған тақырып… Іздеп теңеу, таппай қиял-ғаламнан, Қаштым сол бір мазалаған ылаңнан. Аппақ парақ пәк күйінде баяғы, Ұялғаннан қаштым досым қаламнан. Шабыт тұлпар, тұсауланды жосылмай, Шумақ жырлар ақ параққа қосылмай. Өлең менен алыстады жатырқап, Бір кездері көргем жақын досымдай.
Авторы:
ErnarSeytahmet

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту