Мен келдім
Сонымен, бастайық! Таныстырсам өзімді… Қазақтың қарапайым карьера қуған қызымын. Жасым 25+ке келгенше оқу, тоқу, жұмыс, жүгіріс, әйтеуір, күйеуге тиюден басқа барлық нәрсемен миды толтырыпын. Бала кезден сондай құндылықтар сіңірілсе, енді қайтем. Өмірдің мәні мен үшін жақсы баға, пәндік олимпиададан бірінші орын, қызыл аттестат, қызыл диплом, шетелде оқу, көп ақша табу, беделді болу болып келіпті. Жігітпен қыдыру, майысу/қылымсу/сүйісу, тұрмыс құру дегендер өздігінен бола қоятын, онша маңызды емес шаруа деп ойлап келіппін, сізге өтірік, маған шын!
Өмірдің өзі көрсетіп жатыр, ол ұстанымдар қате екен, оказывайытса! Оқуда озат, жұмыста еңбек ері болумен қатар, қазақ қызы бір жігіттің сұлтанын кезіктіріп, дер кезінде күйеуге кетіп үлгеруі керек екен. Сенің бар уақытың, ынтаң, ықыласың сол керемет карьераны құруға кеткенімен шаруасы жоқ ешкімнің. Қытайша судай сөйлеп, бизнес администрациясын шемішкіше шағатының, эксельде суперформуламен таблица құра алатыныңның таныс, туыс, жалпы қоғам алдында бес тиын құны болмай қалад екен, басың жалғыз болса. Алысқа бармай-ақ, кішкентайдан «сені асырайтын басыңдағы білімің» деп құлағыңа құйып келген ең басты авторитет – пахан мен маханға дейін тойдан келген шашуды ырым болсын деп маған тыққыштауына қарап осыны біле беруге болады.
Жәрәйд енді, ештен кеш жақсы. Бұның бәрін неге айтып отырмын. Алғытарих (предистория) бұл. Бұдан былай оқу мен жұмыс деп жүріп жіберіп алған уақытты бір серіні құрықтау жолына құрбан етпекпін! Бұл салада тәжірибем аз… жәрәйд енді, кімді алдайын, тәжірибем жоқ болғандықтан, көпшіліктің алдында есеп беріп, сіздерден кеңес алайын деп, барлық жігітпен танысу кейстерімді осында жазып отырамын. Осы сайтқа сырттай тұрақты кіріп оқып жүргеніме үш айдың жүзі болды, бірқатар осы салада «продвинутый» юзерлеріңіз бар екен, олардың ішінде кумирым – Juka. (Бірақ оған жету қайда! Армандамаймын да...) Сын, мін, мақтау, табыну, сүйсіну – отзывтың кез-келген түрін қуана қабылдаймын.
Бүгінге осы жетер.
