Махаббатымның аяқ кимі мен жидесі
Мен бірінші рет блог жазып тұрмын. Сондықтан махаббаттан бастадым. Өйткені менің өмірімді өзгерткен, менің өмірімдегі басты нәрселер менің махаббатыммен байлансып жатыр.
Студент атандым. Ауылдан келдім. Үлкееен университет қабырғасындағы оқу басталған шақ еді. Грант болмаған соң өліп-талып оқуға тура келді (басында солай ойлаған едім, сөйтсем гранттағылар степендия үшін өліп-талып оқиды екен). Кітаптан басқаны білмейтін, көрмейтін маған бір күні бір ерекше адам жолықты. Ол маған ұнап қалды. Жақсы көріп қалдым. Бірақ оның қызы бар деп ойлаймын. Сондықтан онымен танысуға, сөйлесуге, реті келсе де араласуға да тырсыпадым. Тек оны сыртынан бақылап, күнделік жаза бастадым.
1-бет.
Бүгін мен оны зерттеуді бастадым. Мен оны жақсы көремін. Дұшпан емеспін оған. Бірақ мен оын күнделігімде сынап-мінеуден тайынбаймын. Қыркүйектің 22-нен бастап мен оның аяқ-киімдерін бақыладым. Қызық ол үнемі бәтеңкесін белбеуімен сәйкестендіріп киеді. Онысы тым деловой. Мінезіне түк сәйкес емес онысы. Және оның жасындағыларға бір түстеніп киіну ерісі сияқты.
24.09. Бүгін оны спорттық аяқ киімде көрдім. Тым қымбат дүние екені көрініп тұр. Үстіндегі жидесімен әп-әйбәт жарасып тұр. Бұл жігіттің өңін тор жиде ашатынына бүгін толық көзім жетті.
Түс қайта кітапхананың алдында кездейсоқ көріп қалдым. Броги үлгісіндегі қап-қара бәтеңке. Ұзын сирақтарына келісіп-ақ қалыпты. Қоңыр пиджагіне бұл аяқ киімі қатып кетіпті деп ойладым.
26.09. Бүгіннен бастап жиделеріне көзім түсті. Бүгін оны алқызыл жиде де көрдім. Еркектің осындай түске жақын келуән жек көрем.
28.09. Ақ жиде. Өткендегі қоңыр пиджак. Жиденің жеңі пиджактан 4-5 см шығып кетіпті. Әдетте 1-2 см-ге ғана шығып тұру керек еді ғой. Мүмкін білмейтін шығар. Талғамына қарап, киіну мәдениетінен хабары мол деп ойлаушы едім.
29.09. Тор-тор жиде. Осы жиде оны нағыз жігіт етіп көрсетеді. Оның мінезіне сайма-сай секілді көрінеді де тұрады. Мүмкін оның мінезі де осындай шатпақ шығар.
Менің күнделігім осылай жалғасын табады. Егер әрі қарай білгілеріңіз келсе, пікірде қалдырыңыздар.
