Ескі архив · 17.11.2015 19:05

Адам жануардан немен ерекшеленеді?

Биология деймізбе әлде табиғат дейміз бе, бірақ адам жануарладың ішінде сүтқоректіге жатады және өз-өзін сақтау, тамақтану, көбею инстинкттері басты тіршілік көзі болып табылады. Бірақта адам әрқашан өзін жануарлар әлемінен биік қойған. Жалпы көпшілік адамның жануардан ерекшелігін мынамен түсіндіреді: — адам ақылды — адам сөйлей алады — адам түзу жүреді — адамда ойлау қабілеті дамыған — адам тойымсыз, қанағатсыз Және бір ислам ғалымы адамның жануардан ерекшелігі ол тәрбиесімен мәдениеттілігінде деп айтып кетіпті. Осы мәселе жайлы өз ойымды айта кетсем, менін ойымша адамның жануардан ерекшелігі ол компьютер тілімен айтқанда гигабайтының мөлшерінде, адамда жануарға қарағанда ақпаратты сақтау қабілеті (гигабайты) өте көп. Адамда есте сақтау қабілеті өте жоғары, және «оперативный памятта» жетерлік, не көрсетсең соны тез үйреніп алады, дрессировать ету қажет емес. Ал енді сөлеу, тәрбие, мәденеттілік ол компьютерге енгізілетін «драйвер» программа секілді. Бұл драйверлерді адамға бірінші кезекте әке-шешесі енгізеді, сосын оны балабақшада, мектепте, жоғары оқу орнында енгізеді, одан бөлек адам кітап оқып, телевизор, интернет көріп басына керек ақпараттар жинайды. Ал жануарларда гигабайт аз, ОЗУ-да азғантай, сондықтан ескі компьютер секілді адам қолжеткізген нәрселеді істей алмайды.
Авторы:
SSSS

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту