Ескі архив · 18.11.2015 15:33

Блогиада және статистика

Енді екі күннен соң Блогиада аясындағы 2015 жылдың үздік блогерін анықтайтын боламыз. Өзімді статистика агенттігіне жұмысқа қабылдап, алғашқы мәліметтерімді назарларыңызға ұсынбақшымын: 1. Ең көп балл жинаған — Medium / 27 ұпай / 2 Ең аз балл жинаған — Гүльназ және Мырзахан / екеуі де 0 ұпай / 3. Әр тур сайын кемінде 1 ұпайды қанжығасына байлаған — Назерке мен Medium 4. Ең максимум үштік (3) ұпайды көбірек жинаған — Medium / 7 рет / 5. Ең минимум бірлік (1) ұпайды көбірек жинаған — Назерке / 4 рет / 6. Ең көп күйрей(разгром 3-0) жеңілген — Гулназ бен Мырзахан /екеуі де 5 рет/ 7. Ең көп тең түскен (0-0) — Сания / 2 рет / 8. Ең күйрей жеңілу(разгром) көп болған тур — 2 тур / 5 жеңіліс / 9. Финалдық кезеңге шыққасын ең көп ұпай жинаған — Medium / 14 ұпай / 10. Финалдық кезеңге шыққасын ең аз ұпай жинаған — Айдос және Сәния Дәл қазіргі финалдық кезеңге шыққан "ғажайып төрттіктің" (привет, Голливуд) ұпайлары төмендегідей: 1. Medium — 27 ұпай 2. Marco — 21 ұпай 3. Назерке Низамуддинқызы — 20 ұпай 4. Әйгерім Тоқсанбек — 15 ұпай Блогиаданың үшінші орыны үшін, колумнист әрі группаластар, өмірдегі достар Әйгерім Тоқсанбек және Назерке Низамуддинқызы таласатынын есіңізге саламыз. Ал, ақтық сында Medium және Marco кездесетін болады: (сурет Жанасыл Болатбектікі) Бұл статистиканың ең қызықты мәліметі деп Marco -ның топтық кезеңнің 2-ші турында Әйгерім Тоқсанбектен 3-0 есебімен, 5-ші турында Medium -нан 3-0 есебімен жеңілсе де болашаққа позитивпен қарап, финалда кек алуға дайындалып жатқанын айтар едім:) (Ақпараттың дұрыс-бұрысына тек мен жауап беремін, қате табылған жағдайда ескертіп жіберіңіз) Құрметпен, сіздің КЭП! %)
Авторы:
Ispek92

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту