Ескі архив · 26.11.2015 08:00

Салауатты Қазақстанды құрудағы уақытқа бергісіз шара

Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі, ал жастар – болашағымыздың алтын тірегі! ««Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады»,- деп Елбасымыз айтқан болатын. ««Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ ұйымдастыруымен Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Астана қаласы мектептері оқушыларының арасында «Спорт – денсаулық! Біз есірткіге қарсымыз!» атты олимпиалық жарыс өтті. Аталмыш шара Астана қаласының «Жерұйық» саябағында өткізіліп, өте қызу да тартысты болды. Спорттық іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытын тиімді пайдалануға баулу, сонымен қатар нашақорлыққа қарсы тұруға шақыру. Жарысқа Астана қаласы мектептерінен 100-ге жуық оқушыларынан құрылған 12 топ қатысты. Олардың ішінен суырылып шығып, 1 орынды — №32 мектеп – гимназия, 2 орынды — №27 мектеп-лицейі, 3 орынды — №5 гимназия, 4 орынды — №35 мектеп-гимназия және 5 орынды №30 мектеп-гимназия иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Авторы:
zhasulan_pressa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту