Ескі архив · 04.12.2015 16:52

Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды

Нысанда болу барысында Мемлекет басшысына елорда құрылысын жалғастыру және дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Қазақстан Президентіне Астананың маңызды коммерциялық, мәдени-сауық нысандары мен тұрғын үйлер құрылысының барысы, инфрақұрылымды жаңғырту және көлік саласындағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары туралы айтылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы архитектуралық-көркемдік ұйымдастыру жұмыстарымен және қала құрылысына қатысты шешімдермен танысты. Бұдан бөлек, елорда әкімі Ә.Жақсыбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Астана белгісі» архитектуралық мүсіндік композициясының үздік эскиз-идеясына жарияланған республикалық конкурс жобаларын таныстырды. astana.gov.kz/kk/modules/material/9547
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту