Әлемдегі ең әдемі ... «гибрид» тіл
Кастельяно әлемдегі ең әдемі, ауқымы кең, көп меңгерілетін тілдердің қатарында.
Кастельяно деп отқаным — Испаниядан бөлек Аргентина, Перу, Парагвай, Венесуэлла, Колумбия сынды т.б. «алыптардың» ресми тілі есептелетін кәдімгі испан тілі ғой. Испаншаның негізі орта ғасырларда Кастилия патшалығында қаланған. Қазіргі таңда жиырмадан аса елде ресми статусы бар, одан басқа әлемнің әр түкпірінде оны меңгеруге құмар адам саны да аз емес. Бірақ, айтайын дегенім спаниш емес спанглиш жайлы боп тұр.
Өткен ғасырдың басында Мексика, Латын Америкасы халқының АҚШ-қа үдере көшуі процесі кезінде осындай бір «гибрид» тіл пайда болады: ағылшын және испан тілдерінің қосындысы. Бір жағынан, о баста халық бұл « тілде» амалсыздан сөйлей бастады, Мексика-Америка соғысынан кейін АҚШ аумағында қап қойған аймақтар ағылшын тілінде білім алуға міндеттелген, ана тілдерін де ұмыт қалдырғысы келмеген.
Қазіргі таңда спанглиш трендке айналғандай. Шекараға жақын штат тұрғындары ғана емес, тұтас Америка, Латын Америкасы (жуық арада тұтас әлем дейтін де шығармыз) осы «тілге» қызығушылық танытуда. Бұған енді шоу-бизнес пен БАҚ-тың әсері де жоқ емес.
Испанша мен ағылшыншаны жеке-жеке меңгеру спанглиште «сайрау» үшін аз. Себебі, оның өзінің жазылмаған заңдылықтары, ережелері бар. Бірақ енді жалпы техникасы түсінікті: сөздің/сөйлемнің алғашқы бөлігі ағылшынша, соңғы жағы испанша (немесе керісінше). Тікелей аудармалар, калькалар да кездеседі. Франгле, рунглиш және әлемдегі басқа да «шұбар» тілдерден (мысалы: қазақ-орыс) айырмашылығы: спанглиш балабақша, мектеп, телевидениеде кеңінен қолданысқа ие. Тіпті, билік өкілдері мінберде тұрып халыққа спанглиште есеп берген мысалдар да бар. (Әлде ол айырмашылық емес пе?..)
Кейінгі уақытта Спанглишке диалект емес, ресми тіл статусын беру жиі сөз болады екен. Бірақ енді жеке ойым: инглиш доминант болғандықтан, испантілді халық қарсы болатын шығар…
Тыңдайық:
