Ескі архив · 14.01.2016 18:47

Балалар әдебиетіне жаңа кітаптар қосылды

Отандық балалар әдебиетіне жаңа кітаптар қосылды. «Алуан түсті балықтар және Дария», «Даниялдың ғажайып әлемі» деп аталатын екі кітаптың авторы — Амани Жан. Үш тілде аудио нұсқасымен бірге жарыққа шыққан кітапқа автор он жыл көлемінде дайындалған екен. Әдеби шығарманы жарыққа шығарарда: редакторлар, аудармашылар, дизайнер, суретші, дубляж режиссері, дыбыс режиссері, композитор, көркемдік редактор, дыбыстаған әртістермен қосқанда жалпы саны жиырма шақты мамандар жұмыс жасағандықтан, бұл еңбектің сапалы шыққаны даусыз. Кітап меломан дүкендерінде сатылымға түсе бастады.
Авторы:
AydanaAbdrahmanova

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту