Ескі архив · 04.02.2016 03:52

Арақ пен Адамның жекпе-жегі

Адам мен Арақтың әлемдік жекпе-жекке шығатынын естіген жұрт, сол сәтті тағатсыздана күтеді. Журналистерге берген сұхбат барысында, Адам: — Арақтың түбіне жетемін, — дейді. Арақ болса: — Адамның түбіне жетемін, — дейді. Ең соңында дүйім жұрт тікелей эфирден: "-Мен Арақтың түбіне жеттім!" — деген Арақ бейнесіндегі Адамның сұхбат беріп тұрғанын көреді… Әрине, ол өзі айнаға өте кеш қарады.
Авторы:
KerimAyankyzy

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту