Ескі архив · 18.02.2016 21:51

Өмір үзіктері

Тастама әке балаңды, Оятшы қызым санаңды! — Менің аяғым ауыр… — Алдырып таста! Маған бала керек емес! — Жоқ… Алдыра алмаймын. — Не? Туып алып, менің мойныма артып қоймақсың ба? Мүмкін ол менікі емес шығар?! — Жандос, екеуіміз кездесіп жүргелі жарты жыл болды ғой. Осы уақыт аралығында өзіңнен басқа ешкімге көз салған емеспін. Бұлай деуің қалай? — Мен сені бағып жүрген жоқпын ғой. Бала менікі емес. Не істесң де өзің біл. Менің шаруам жоқ. — Маған сенен ешнәрсе керек емес. Мен сені тани алмаппын… Саған сеніп едім… Сонда… мені сүймегенің бе? Махаббаттың болмағаны ма? — Болса, болған да шығар. Бәрі бітті. Енді маған хабарласушы болма. Кездесу де іздеме. Қош бол! *** — Мақсат, саған бір өтінішім бар еді… — Ия, айта бер. — Мен… Мен… Қалай айтсам екен?.. Менің аяғым ауыр. — … — Сенен өтінерім… Мақсат, маған үйленші. Бала туылғаннан соң ажырасып кетеміз… Мен… Мен үй ішіме қалай айтарымды білмеймін. Оларды ұятқа қалдырғым келмейді. Сондықтан саған осындай өтініш айтуға мәжбүр болып отырмын. — … — Мен түсіндім. Кешір… Бір өтінерім: екеуіміздің арамыздағы болған әңгімені ешкімге айтпашы. Рахмет саған! Сау бол! *** — Арайлым, сенімен сөйлесуім керек. — Мақсат? Ия, айта бер. — Арайлым, кешірші. Маған ойлану үшін уақыт керек болды. Саған бұрыннан айтқым келіп жүрген. Алайда орайы болмады. Мен сені сүйемін… Маған күйеуге шығасың ба? — Мақсат… Рахмет саған! Тек… Мен сенің махаббатыңа лайық емеспін… Мен… Мен… — Арайлым, өтінемін, жыламашы. Мен сені және баламызды бақытты етемін. *** — Арайлым? — Ия, біз сізбен таныс па едік? — Мен Жандоспын ғой. Қалың қалай? — Жандос?.. Мен де бәрі жақсы. Өзіңнің қалың қалай? — Арайлым… Кешірші мені… Мен бәрін жаңа түсіндім. Менің бақытым баламыз екеуің екенсіңдер. — Мама, мама! Жүрші тезірек! Әкем күтіп қалды. — Жарайды, балам. Мен қазір келемін. Сен әкеңе бара бер. — Мама? Бұл… Бала… Менің ұлым ба? — Жоқ, Жандос. Ол менің ұлым! Сен қателесесің, Жандос, сенің бақытың біз емес. Бақытыңды басқа жақтан іздегенің жөн болар. Қош бол!
Авторы:
InabatKussainova

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту