Ескі архив · 20.02.2016 22:33

"Болашақ телевидениенікі" келісесіз бе?

Орысшадан аударғам, жобасы солай сияқты)) — Ал сіз телевиденияда бұрыннан бері жұмыс істейсіз бе? — Екі жыл. — Бәлкім, өте қызықты шығар? — Өте. Жалпы сіз білесіз бе? Түптің түбінде тв бүкіл адамзаттың өмірін өзгертеді. Ештеңе де болмайды. Кино да, театр да, кітап та, газет те. Тек жаппай телевидения. — Сіз қызбалыққа беріліп кеттіңіз. Театр, бұнымен келісемін, шынымен де жойылуы мүмкін. Бірақ, кіно, кітап ше? — Жиырма жылдан кейін менің сөзімді еске алатын боласыз! «Мәскеу көз жасына сенбейді» («Москва слезам не верит») фильмінен. Шыны керек қазіргі өсіп келе жатқан жасөспірімдер театрдан көрі киноны, кітаптін орнына ғаламторды таңдайды. Тіпті көк жәшікті көретіндері де шамалы. Әрине, көпке топырақ шашпаймын… 1. Ал сіз соңғы рет театрға (қойылымның аты) қашан бардыныз? 2. Соңғы оқыған немесе оқып жатқан кітабініз (кітаптін аты) қандай? 3. Жаңалықты теледидардан көресіз бе? Әлде әлеуметтік желіден оқып, біліп аласыз ба? Бөлісе отырыңыздар!
Авторы:
alya

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту