Ескі архив · 20.02.2016 16:24

Пайдалы кеңес

Дәруменнің қай түрі сіздің ағзанызға жетіспейді 1) А витамині Жетіспеушілік салдары: — бетіңізге безеу (прыщи) жиі шықса; — асқа деген тәбетіңіздің төмендеуі; — уақыт өте көзіңіздің нашар көруі; — тұмаумен жиі ауырсаңыз. Не істеу керек: Өз рационынызға сары-қызғылт жемістер мен көкеністерді, скумбрия және басқа да майлы балық; май, сүт өнімдерін қосыңыз. Күнделікті мөлшері: 1000 мкг. 2) В витамині Жетіспеушілік салдары: — ұйқысыздық; — бас ауруы; — іш ауруы; — депрессия; — қайызғақ пайда болу; — ауыздан жағымсыз иістің шығуы. Не істеу керек: ұннан жасалған тағамдар; көкеністер мен жаңғақтар жеу қажет. В12 дәрумені сиыр етінде (шошқа еті), сүтте; В3 тауық етінде, балықта, бұршақ пен бидай жармасында көп кездеседі. Күнделікті мөлшері: В1-1,5 мг; В2-1,3 мг; В5-4-7 мг; В6-1,6 мг; В12-2 мг. 3) С витамині Жетіспеушілік салдары: — тез шаршау; — темекі шегу; — диета ұстасанызда артық салмақ қосу; — тырнап алған жеріңіз ұзақ уақыт жазылмайды. Не істеу керек: цитрусты жемістер ( аллергиясы барлар жемегені дұрыс), киви, брокколи, шпинат, сироп және итмұрын тұндырмасы. Күнделікті мөлшері: 60 мг. 4) D витамині Жетіспеушілік салдары: — ашуланшақтық; — тістің бүлінуі; — буын қақсау. Не істеу керек: жиі серуенге шығу; жұмыртқаның сарысы, бауыр және теңіз өнімдерін жеу қажет. Күнделікті мөлшері: 2,5 мкг. 5) К витамині Жетіспеушілік салдары: — ұзақ уақыт бойы қанның тоқтамауы (кесіп алған жағдайда); — қант диабет белгілерінің пайда болуы. Не істеу керек: газдалған сусындардан бас тарту; шпинат, салат және брюссель қырыққабатымен мәзіріңізді толықтыру. Сондай-ақ зәйтүн майында, кейбір жемістерде (банан, авокадо, киви), жармада осы дәрумен түрі кездеседі. Күнделікті мөлшері: 60-140 мкг. 6) U витамині: Жетіспеушілік салдары: — тамақтан соң қыжылдың (изжога) пайда болуы; — асқазанның жиі ауруы; — күнделікті жеп жүрген тағамға аллергия пайда болу. Не істеу керек: тәтті бұрыш, пияз, банан жеу қажет. Сондай-ақ жаңа піскен қызанақ, желкек (петрушка), балдыркок (сельдерей), шалқан (репка), қырыққабат (капуста). Күнделікті мөлшері: 100-300 мг. Пы.Сы. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Сол себептен де дәрумендерді жиі қабылдап, денсаулықтарыңызды жақсылап күтіңіздер. " Дені саудың жаны сау" деп бекер айтпаған.
Авторы:
alya

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту