Ескі архив · 21.02.2016 12:48

Құрдастарға

Құрдастарым ақ көңілді аң жарқын, Ойлап жүрер қамтып жүрер алды артын. Сендерге ұқсап әжуалап кім мені, Сендерге ұқсап ақ көңілден алдар кім. Алыс жүрсем бір көруге сағынам, Іздесеңдер қастарыңнан табылам. Қатарларың сиремесін әрдайым, Жатсам тұрсам жаратқанға жалынам. Сендерге ұқсап мазақтайды кім мені, Сендерге ұқсап ардақтайды кім мені. Өздеріңді көп ойлайтын боп алдым, Үлкендіктің қорасына кіргелі. Құрдастарым аман болсын жан жағың, Қызық көріп орындалсын арманың. Қыр астынан кәрілік кеп жетсе де, Ажал шіркін сала алмасын қармағын…
Авторы:
Kozi2012

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту