Ескі архив · 03.03.2016 11:25

Пәндік олимпиада өтуде

Дәл қазір С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Журналистика» мамандығының 1-3 курс студенттері аралығында дәстүрлі түрде өтетін пәндік олимпиада өтіп жатыр. Мамандық оқытушылары – Гүлмира Ахметқалиқызы және Әсел Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен өтетін білім сайысының бірінші кезеңінде қатысушылар теориялық білімдерімен сынға түсті. Ал бүгінгі өтіп жатқан екінші кезеңінде «ШҚМУ press» «Gold» «Online-2050» командалар іс-тәжірибелік біліктіліктерін көрсетуде. Олар «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік онлайн жазба», «Берілген тақырып бойынша фотоаппаратпен жұмыс» номинациялары бойынша марапатталатын болады. – Қатысушылар жақсы тақырыптарды көтеріп, мазмұнын ашып жатыр. Дегенмен де сапасы жөнінен аздаған кемшіліктер бар. Бейнесюжет белгілі бір тұлғаға ғана арналса әлдеқайда ұтымды болар еді,- деді облыстық «Дидар» газетінің бас редақторының орынбасары Азамат Қасым. Қорытындысы бірер минуттардан кейін белгілі болмақ.
Авторы:
Talgatzhan1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту