Пәндік олимпиада өтуде
Пәндік олимпиада өтуде
Дәл қазір С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болашақ журналистер арасында пәндік олимпиада өтуде. Аталмыш олимпиадада журналистика мамандығының 1-3 курс студенттері 2 кезең бойынша сайысқа түсуде. Онда «GOLD», «ШҚМУ PRESS», сондай-ақ «Online-2050» топтары өз біліктіліктері мен қабілетінің қарымын көрсетуде. Бірінші кезеңде теориялық білімді тексеру мақсатында тест өткізілсе, екінші кезеңде бойынша: «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік фото», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша әділқазылар алқасы саралайтын болады. Сайыстың төрелігін «Дидар» газеті редакторының орынбасары Азамат Қасым, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының редакторы Азат Смағұл, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі Сымбат Рамазанов сынды беделді азаматтар айқындайды.
Олимпиада қорытындысы барлық кезеңдерден соң анықталып, жеңімпаздар республикалық олимпиадаға жолдама алады.
