Ескі архив · 06.03.2016 11:20

Джан Аманиидың ертегілер әлемі - балаларға тамаша сыйлық!

Жақында қолыма балалар жазушысы һәм психолог Джан Аманиидың 2 кітабы тиді. Jan Amany брендымен шыққан бұл кітаптарды толықтай заманауи деуге болады. Кітаптың мұқабасы, қағазы, безендірілуі, иллюстрациялары, шрифті өте тамаша! Ал, мазмұны да көркіне сай әлбетте. Профессионал команданың жұмысы екені көрініп тұр. Кітаптар 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) және жанында аудио дискі бар. Бір жағынан тіл үйрену үшін де жақсы құрал. Сайттары да сапалы жасалған. Кітаптарды сайт арқылы онлайн тапсырыс беріп, алуға болады. Бағасы да қымбат емес. Балаларыңыз үшін керемет сыйлық болары сөзсіз. janamany.com Даниялдың ғажайып әлемі Психолог Jan Amanyдің өзінің сүйікті ұлы Даниялға арнап шығарған «Даниялдың ғажайып әлемі» атты ертегі кітабы – отандық жас жазушының тырнақалды әдеби шығармасы. Жергілікті балалардың ұғымына түсінікті, жанына жақын келетін осындай қазақстандық заманауи авторлар жазған ертегілердың жетіспейтіндігі сөзсіз. Мұндай ертегілер бүлдіршіндердің бойында жақын-жуықтарына, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелейді. Бағасы: 1000 тг Бақыт балықтары және Дария Отандық жас жазушы-психолог Jan Amanудің «Алуан түсті балықтар және Дария» деген ертегі кітабы – бұл бойжеткен қыздың – қазақ Золушкасының әдемі хикаясы. Жақсылық атаулының жамандық пен жауыздықты жеңетін жасампаздығы жырланады. Бағасы: 1000 тг
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту