Ескі архив · 08.03.2016 17:53

8 наурызды несіне тойлаймыз осы?

Жыныстың түріне мейрам арнаудың абсурдтығын былай қойғанда, тап осы күні әйелдердің тарихта қалдырған бір түйір таңбасын таба алмайсыз. Адам ішіндегі бұл особь — мыңдаған жылдар бойы еркектер қол жеткізген игіліктерді пайдаланып келді, әрі солай бола беретін түрі бар. *** 1618 жылдың 8 наурызы. Кепплер планеаталардың қозғалысының жаңа заңын ашты («Аспан механикасы» трактаттары). *** 1759 жылдың 8 наурызы.Француз Парламенті Дидро, Наполеон(!) және тағы бірнеше хуламалар жазған «Энциклопедияны» айыптады. *** 1873 жылдың 8 наурызы — Канадада үндістерге ішімдік сатуға тиым салынды. *** 1910 — Лондонда алқашқы ұшқыш куәлігі табыс етілді. Еркекке. *** 1930 — Махатма Гандидің «бейбіт қарсылық көрсету» концепциясы бойынша Үндістанда алғашқы бардактар басталды. *** 1945 жылдың 8 наурызы — Швейцарияда CIA директоры Аллен Даллес «Sunrise» операциясын астыртын жүзеге асыруға кірісті. *** 1948 жылдың 8 наурызы — АҚШ Федерациялық Соты "Қоғам — Білім Министрлігіне қарсы" атты эпохалды процесті өткізіп, сабақ басталар алдында дұға қылуға уақыт бөлуді — Конституцияға қайшы деп тапты. Муллакариимдер мектептерден қуылды, сәрінжіпсстің. *** 1950 жылдың 8 наурызы — Қиыр Шығыста ұшып жүрген әміркен ішпиен-ұшағы ауа пробасында радиация тіркеді. Ізе-шала совиет юнион өзінде атом бомбасы барын мәлімдеді. *** 1952 жылдың 8 наурызы — Трансильван Университетінде алқаш рет жасанды жүрек практика жүзінде қолданылды. *** 1962 ЖЫЛДЫҢ 8 НАУРЫЗЫ— «The Beatles» ТОБЫ АЛҚАШ РЕТ BBC РАДИОСЫНДА ӘН ШЫРҚАДЫ!!! *** 1963 жылдың 8 наурызы — Хрущев Кремльдегі сөзінде Эренбург, Евтушенко, Эрнст Неизвестныйдың шығармашылықтарын құсық деп бағалап, ентеллегенттер мен биліктің бұқатіресі басталды. *** 1963 жылдың 8 наурызы — Қытай ертедегі келісім-шарттардың барлығы күшін жойды деп мәлімдеп, Амұр бойы жерлерін кері талап етті. КСРО үлкен бұтақ көрсетті. *** 1965 жылдың 8 наурызы — Виетнамға АҚШ жаяу әскерлері түсті . *** 1968 — Совет К-129 сүңгуір қайығы батып кетті, путинсстің *** 1973 жылдың 8 наурызы — Солтүстік Ирландияда референдум өтіп, көпшілік — Англияның құрамында қалуға дауыс берді. Әлкөтте, көті қарақты азамат бұдан Intelligence Service пен MI-6-ның тамаша қоян-қолтық жұмысын шырамытты. *** 1973 жылдың 8 наурызы — Рейган совиет юнионды «зұлымдық патшалығы» деп атап, "Ғарыштық соғыстар" — зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламасына қолдайтынын ашық мәлімдеді.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту