Кірді жала, микробты сүй! (97+)
ЕСКЕРТУ! БҰЛ 97+ МАҚАЛА!
97-ДЕН АСҚАН ҚАРТТАР ҒАНА АТА-АНАЛАРЫНЫҢ РУХЫМЕН ОҚУҒА БОЛАТЫН МАҚАЛА!
Қадірлі ата-ана немесе бала тәрбиесіне жауапты кез келген тұлға (өгей әке, өгей шеше, интернат тәрбиешісі, балабақша директоры, аға, әпше, әжесс, т.б.)!
Бұл мақаланы оқуға жас бойынша шектеу бар. Жазбада жаман сөздер, тәрбие-мораль тұрғысынан кәдімгідей анайы, немесе сондай сөздерге ұқсас мәтіндік конструкциялар кездесуі мүмкін! Тәжірибе жүзінде еш дәлелденбеген ақыл-кеңес те бар! Сіздің мойныңызда өскелең ұрпақты өмір атты даңғыл жолға салу сияқты қиын да күрделі, зейнеті белгісіз бейнет тұрғанын есепке ала отырып, бұл сайтты 97 жасқа дейінгі жастардың көрмеуін, естімеуін және білмеуін қамтамасыз етуіңізді сұраймыз!
Кірді жала, микробты сүй!
Иммунитеттің неге керек екенін, қалай жұмыс істейтінін білетін адамдардың аздығы кәдімгідей — таң қалғаннан тасыңды ұстатады.
Иммунитет — ағзаны ауру сияқты түрлі қойнядан сақтайтын жүйе. Сондықтан да иммунитет үнемі кез келген кесапатқа дайын тұруы керек. Ол — үнемі елгезек болып, ағзаны кез келген уақытта тексерістен өткізіп, арасында түрлі пәле-жаладан қорғауға ат салысатын мақұлық. Сондықтан да.
Сондықтан да түрлі микробтарды жұқтырып жүрген абзал! Микроб жұқтырудың ең оңай тәсілі — әуелі метроға эскалатордың тіреуін сипалап тұрып мініп, сосын тіреуді ұстаған қолыңмен мұрныңды шұқу. Ара-тұра шикі көкністен асап қойған да дұрыс. Қытай сақтасын, тамақты шикілей жеуді өмір салты қылыңдар деуден аулақпын (олар — тіпті дауылбай шикібастар, шешесстер!). Бірақ асқазанға арасында от пен химияның көмегімен өңделген зертханалық қойыртпақтан гөрі, табиғи материал қажет екенін естен шығармау керек.
Өзіңізді ірі сауда орталығының иесімін деп елестетіңіз. Және сізде күзетшілер бар. Сол күзетшілер — сіздің иммунитетіңіз. Енді сізге келетіндердің барлығы әлжуаз-очкариктер, оқымысты-тоқымысты сияқты мәдениетті дімкәстар деп елестетіңіз. Әнасстың, күзетшілерің бір айдан кейін іші пысып, ақыры бейкүнәларға, тіпті — бірі біріне тиісе бастар еді. Күзетшілерге арасында ең болмаса қаңғыбастарды тастан теуіп тұру уәжіп.
Жұрт ішкен кеседен ішіңіз, қоғамдық әжетханада елмен бірге иін тіресіп отырыңыз, автобустың терезесіне басыңызды сипап-сипап алыңыз. Әне, сонда сіздің иммунитетіңіз тірі де сірі болмақ.
Жалғантуайтына келгенде, иммунитеттің күшті болуы үшін аса тырысып та қажет емес. Күнде мысықша жаланып, жуына бергенді қойсаңыз да жеткілікті. Тек жүн бар жерді ыссаңыз болды, дененің басқа тұстары сорғалап аққан сумен-ақ тазарып қалады. Басыңды аптасына екі-ақ рет жусаң болады (әуелде бір түрлі, бірақ кейін рахат шешесс).
Жарық дүниядағы бір де иммунолог арқаңды күнде сабынмен жуу керек дей алмайды. Себебі адамның жоныңда соншама залалсыздандыратындай ешқандай оқиғалар болмайды. Шамадан тыс жуынбасаң — ағзаң қажетті қорғаныспен қаптала қояды. Қорықпа, аз жуынғаннан сасып кете қоймайсың.
Ал енді тасымды кәдімгідей түтететіні — қолды үнемі антисептикпен ысқылау, тамақты қолғаппен дайындау және аспаз қалпағын киіп жүру. Жо-жоқ, тасты түтетпек түгілі, өртке орайтын тағы бір жайт бар екен ғой! Ол — түрлі «ағза тазарту» процедуралары. Шынымен ағза тазартудан алжыған болсаңыз, детокс-коктейль іше салыңыз. Пайдасы таза психологиялық, бірақ өзінің иесі бұтақбас екенін байқамай қалады ғой ағзаң ең болмаса! Ағза үшін — тоқішекте жылдар бойы қажырлы еңбекпен әрі сүйіспеншілікпен жиналған бактерияларды бір мезетте шайып жіберуден асқан қиянат сірә жоқ шығар, ептібайымайдтың!
Клизма салдырудың майталмандары өмір бойы денелерінде 2 килә тезек жиналып қалғанын айтып, қорс-қорс жылайды. Клизмасыз ол қоқысты шығару мүмкін емес көрінеді-міс. Амал не, сонша уақытта боқпен бірге ми қосылмағанына өкішітен қ ам жегеннен басқа қайла жоқ. Шешесстің.
Авторы: ©Артемий Лебедев. Тұпнұсқа — мына жерде.
