Ескі архив · 02.04.2016 23:57

Астанада бес мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, елордада биылғы жыл ішінде 4 849 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 349-ы – өнеркәсіп, 1 103-і – сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу, 238-і – көлік және қойма, 771-і – білім және денсаулық сақтау, 660-ы – құрылыс саласында, ал қалған 1 728-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады. Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1478 адамды жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, жастар тәжірибесінен өтуге 218 түлек жіберілсе, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту