Ескі архив · 08.04.2016 15:48

«Біз ғашық жандармыз» атты байқауға қатысыңыздар!

Jas.kz ақпараттық-танымдық порталы 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай «Біз ғашық жандармыз» атты байқау ұйымдастырады. Байқаудың басты мақсаты: Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғыснан насихаттау; Жастардың әлеуметтік желіде сауатты жазуына көңіл бөлу; Жастардың арасындағы бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдерді дәріптеу; Әлеуметтік желідегі позитив ақпараттардың санын көбейту. Байқау бойынша талап: Екі жас өздерінің махаббат хикаясын қысқаша жазып (love story), суретімен бірге Facebook, Instagram немесе ВКонтакте желісі арқылы #15сәуір және #omirartstudio хештегтерін қолданып, жариялау керек. Байқау сәуір айының 14-не дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімі 15 сәуір күні анықталады. Жеңімпаз екі жасқа ұлттық нақыштағы бұйым жасаудың шеберлері Өмір арт студиясынан құнды сыйлық табысталады.
Авторы:
klara_yermagambetova

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту