Ескі архив · 11.04.2016 22:11

"БІЗ БАРЛЫҒЫМЫЗ- БРАЗИЛИЯМЫЗ"

2016 жылғы Рио олимпиядасының ұраны осындай. Бұл туралы ел президенті Дилма Руссеф өзінің кеңесшілерімен ақылдасқаннан кейін мәлімдеді. Алғашында әр түрлі нұсқалар болды. Солардың бірі:«Маңдай тердің соңы АЛТЫН». Бірақ ұйымдастырушылар комитеті бұл нұсқаны ұната қоймады, олардың ойынша бұл ұран Бразилия атлеттеріне жеткілікті деңгейде күш бермейді-мыс. Естеріңізге сала кетейік, XXXI жазғы Олимпияда ойындары Бразилияда 5-21 тамыз аралығында өткізілетін болады, және Оңтүстік Америка құрлығында өткізілетін тұңғыш Олимпияда ойындары болмақ. Төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 200 ге жуық мемлекетінен 10.000 спортшы қатысады деп жоспарлануда. «БІЗ БАРЛЫҒЫМЫЗ- БРАЗИЛИЯМЫЗ».
Авторы:
AbilmansurKamzaev

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту