Ескі архив · 13.04.2016 18:31

«Арман қала» романы. №8 машина. 2 бөлім. Тест басталды.

Күні: [Белгісіз]; [Деректі анықтау қажет]. Уақыт: 10: 15: 06. Мекенжай: Арман қала. АҚОРТАЖУ. Бас зал. [Элемент басы]: Ұйымқанат: Ал, ағайын, тестімізді бастаймыз, төреші екі сұхбаттаспен қатар әңгімелеседі, экраннан көріп тұрғандарыңыздай екі сұхбаттас үшбұрыш (∆) және дөңгелек (○) болып белгіленген. №1 машина жүйеге қосылды, жүйе тестке дайын. Төреші қос сұхбаттаспен қатар сөйлеседі, Асқарұстаздың әдеті – екеуіне де бірдей сұрақтар қойып, әңгіме барысын бастан-аяқ бірдей қылуға тырысады. №1 машина. Төреші (Т) мен үшбұрыштың (∆) сұхбаты. Төреші (Т): Сәлеметсіз бе Үшбұрыш (∆): Сәлеметсіз бе Т: Халыңыз қалай? ∆: Жақсы, рахмет Т: Менің халым қалай? ∆: Ия, Сіздің халыңыз қалай? Т: Жақсы, рахмет. Мен сізден сұраған нәрсе жайлы сұрақты сіз де маған бағыттадыңыз. ∆: Әдеп қой енді. Төреші (Т) мен дөңгелектің (○) сұхбаты. Төреші (Т): Сәлеметсіз бе Дөңгелек (○): Сәлеметсіз бе Т: Халыңыз қалай? ○: Жақсы, рахмет Т: Менің халым қалай? ○: Жақсы деп ойлаймын Т: Мен сізден сұраған нәрсе жайлы сұрақты сіз де маған бағыттағыңыз келмейді ме? ○: Ия, мені көп нірсе қызықтырады, көп нәрсе істегім де келеді. Төреші (Т): Үкім дайын, бұл айналымда «○» – машина. … Ұйымқанат: №6 машина жүйеге қосылды, жүйе тестке дайын. №6 машина. Төреші (Т) мен дөңгелектің (○) сұхбаты. Төреші (Т): Сәлеметсіз бе Дөңгелек (○): Сәлеметсіз бе Т: Халыңыз қалай? ○: Жақсы, рахмет, өзіңіз қалайсыз? Т: Жақсы, рахмет, әрдайым осындай әдепті, ілтипаттысыз ба? ○: Әрдайым деуге болмас, – тырысамын. Т: Солай ма? )) ○: Сұхбаттас адамға, көңіл-күйге де байланысты ғой. Т: Адамдар арасында көңіл көтеретін факторлар жайлы жақсы білесіз бе? ○: Жақсы білемін деп айта алмаймын, неге сұрадыңыз? Т: Ол факторлардың пайдасы мол деп жатыр мұнда біреулер, машиналарға да ма? ○: Әзіл деген толып жатыр ғой машиналарда, пайдасы әрдайым тие бермейді. Т: Аса тиімді пайдаланған машина нағыз патрусколи болады ғой. ○: «Патрусколи» деген не? Т: Маңызды емес, айтпағым, «Соғыс пен бейбітшілік»-ті түгел оқып шығу сияқты ғой ол. ○: Әй, одан да қиын-ау Т: Қисық еденде теңселіп тұрған шкафты «Соғыс пен бейбітшілік»-пен нық тұрғызу сияқты ғой ол. ○: Дәл айттыңыз! Төреші (Т) мен үшбұрыштың (∆) сұхбаты. Төреші (Т): Сәлеметсіз бе Үшбұрыш (∆): Сәлеметсіз бе Т: Халыңыз қалай? ∆: Жақсы, рахмет, өзіңіздің хал жағдайыңыз, көңіл-күйіңіз қалай? Т: Жақсы, рахмет, әрдайым осындай әдепті, ілтипаттысыз ба? ∆: Әдетте ақылды, сыйлы кісілермен тілдескенде және сәрсенбі күндері. Т: Солай ма? )) ∆: Менің білуімше, бүгін сәрсенбі )) Осы жерде Бас залды «хе-хе» мен қызығушылық толқыны бір жүріп өтті. Т: Сонымен, адамдар арасында көңіл көтеретін факторлар жайлы жақсы білемін дейсіз ғой? ∆: Ондай факторлар орынды қолданылса берер пайдасы мол емес пе, қалай ойлайсыз? Т: Сол пайданы көріп жатқан тағы бір машина болдың ғой?! ∆: Машина мұндай әңгіме тереңдігіне бойласа мен де қуанар едім, аға! Т: Ондай машина нағыз патрусколи болады ғой. ∆: Мүмкін. Т: «Соғыс пен бейбітшілік»-ті түгел оқып шығу сияқты ғой ол. ∆: Ол романды мен де бітіре алмадым Т: Қисық еденде теңселіп тұрған шкафты «Соғыс пен бейбітшілік»-пен нық тұрғызу сияқты ғой ол. ∆: «Соғыс пен бейбітшілік»-тің қисық еденге не қатысы бар? Төреші (Т): Үкім дайын, бұл айналымда «∆» – машина. Бас зал гу ете қалды, ішінен бес-алтауы бет-аузын жығылған палуанша тыжырайтты: – Таптыңыз-ау аға! Бірақ «Соғыс пен бейбітшілік»-ті қолдануға болатын жолдың бәрін машина бағдарламасына жазу мүмкін емес шығар. – Келісемін, мүмкін емес деуге болады, оның бәрін өзі үйренетін Жасанды Сананы (Жасан) іздеп жатқанымыз да сондықтан емес пе! Ендігі бағытты көрдіңдер ғой? – Көрдік аға! Ұйымқанат: Көрер қызық алда, ағайын! [Элемент соңы].
Авторы:
Kemenger

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту