Ескі архив · 13.04.2016 18:04

Лондонда шоколадты мейрамхана ашылды (ФОТО)

Танымал «Carlsberg» компаниясы «If Carlsberg Did Chocolate Bars!» атты шоколадты сыра мейрамханасын ашты. Бардың ені 5, ұзындғы 2 метр. Құрылыс жұмысына 3 ай уақыт кеткен. Ерекше мейрамханада барлығы шоколадтан жасалған. Тіпті ыдыс пен тағамдарға дейін. Сондай-ақ, мейрамханада орналасқан теледидар футболдан Әлем чемпионатының қызықты сәттерін көрсетеді. Компанияның бренд-менеджері Дхармеш Рананың айтуынша, ағылшындар шоколад пен сыраны жақсы көреді. Сондықтан, осындай мейрамхана ашуды ойластырған екен. kaztv.kaztrk.kz/kz/news/photo_rep/londonda-shokoladty-meiramhana-ashyldy
Авторы:
arai_tleulinova

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту