Ескі архив · 14.04.2016 23:22

You'll Never Walk Alone(қазақша аударма)

You'll Never Walk Alone! Бұл әнді 45 мыңдық Энфилд жылына кем дегенде 19 рет шырқайды. Себебі ол Ливерпуль ФК жанкүйерлерінің әнұраны. Одан бөлек, Боруссия Дортмунд, Селтик сияқты басқа да көптеген командалардың ареналары өздерінше айтып жатады. Бірақ Энфилдтің шырқағанына ештеңе жетпейді. Оған бүгін Ливерпуль vs Боруссия Дортмунд мачы кезінде, қысқаша айтқанда Эль, Клоппикода куә бола аласыздар. Ал әзірше осы әннің мағынасына үңіліп көрейік. Шамамша аударып бақтым. Дауылға қарсы жүргенде, Басыңды ұста биік. Қорықпағайсың түнектен. Сол дауыл бітер жерде, Алтын аспан тұрады сүйіп. Бозторғай үні шырқап жүректе. Дауылға да, Жауынға да қарамай. Арманың алдамшы болса да, Тек тосылып қалма. Самға. Самға. Дауылға қарсы жүргенде, Басыңды ұста биік. Қорықпағайсың түнектен. Сол дауыл бітер жерде, Алтын аспан тұрады сүйіп. Бозторғай үні шырқап жүректе. Дауылға да, Жауынға да қарамай. Арманың алдамшы болса да, Тек тосылып қалма. Самға. Самға үмітпен. Үмітің өшпесе жүректе, Жалғызсырай қоймассың тірлікте. Ешқашан жалғыз болмайсың, Ешқашан жалғыз қалмайсың! Ағылшынша нұсқасы: Теги: Гимны You'll never walk alone Увеличить шрифт Уменьшить шрифт Ты никогда не будешь одинок на своем пути When you walk through a storm Hold your head up high And don't be afraid of the dark At the end of the storm Is a golden sky And the sweet silver song of a lark Walk on through the wind Walk on through the rain Though your dreams be tossed And blown Walk on Walk on With hope in your heart And you'll never walk alone You'll never walk alone ПыСы:
Авторы:
FaraOn1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту