Ескі архив · 18.04.2016 17:41

#‎жақсықыз‬‬‬‬ - өмір телик емес. #2

‪ Театрға бірге бармаймыз, ол қарайтын киноларға мен қызықпаймын. Ол футболды жанындай жақсы көреді, мен теледидарға шұқшиғанды ұнатпаймын. Оның плейпарақшасында — батыстың әні, ал мен болсам терме тыңдаймын. Мен — романтик, ол — пофигист. Бірақ бастысы — бұл емес. Біздің талғамдарымыздың бірдей болуы міндетті де емес, маңызды да емес. ‪#‎жақсықыз‬‬‬‬ — ға осыны ешкім түсіндірмепті. Бүкіл қараған кинолары, оқыған романдары жігітті тек идеал кейіпте көрсетумен шектелсе керек. Тіпті жағымсыз бір олқылықтары болып жатса да, оны экран «дерзость», «брутальность», «сексуальность», құдайым-ау, тағы сондай сияқты онтайлы образда көрсетіп отырғаны тағы бар. Бірақ бұл өмір, ‪#‎детка‬‬‬‬! Телик емес! Жалғыз қалғың келмесе, оны 100% қабылда. Минусымен, плюсымен. Ал қабылдай алмайсың ба, қоңырқай кештерде шамдары сәл қараңғылау кальян иісі бұрқыраған аса қымбат емес кафеде өзің сияқты құрбыңмен «жақсы жігіт жоқ!», «жіігттердің бәрі онбаған» желісіндегі көңілсіз әңгіме-сауық-сайран өміріңе қайтып орала бер!!! 10.03.216
Авторы:
klara_yermagambetova

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту