Ескі архив · 20.04.2016 23:47

Астанада ардагерлердің 7-ші съезі өтті

Астаналық ардагерлерге Жеңіс күніне орай бір миллион теңгеден сыйақы беріледі. Елордада өткен республика ардагерлерінің 7-ші съезінде бұл туралы шаһардағы ардагерлер кеңесінің басшысы айтты. Жиынға өңірлерден 100-ден астам делегат қатысты. Съезд бес жылда бір өтеді. Бүгінгі отырыста атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар пысықталды. Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлер кеңесі 20-дан астам шара өткізгені белгілі. Бүгін елімізде 3 миллионға жуық майдангер бар. Олардың 172-сі Астанада тұрады. astanatv.kz/news/show/id/47483.html
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту