Ескі архив · 25.04.2016 01:52

Жолды жөндеу жұмыстарына орай жартылай шектелген көшелер

Астанада жол жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты 24 сәуірден 15 мамырға дейін Абылай хан даңғылының Мұстафин көшесінен Мүсірепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектелетін болады. Сонымен қатар, 23-25 сәуірде Арай көшесінің Ғарышкерлер көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі бөлігінде көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылады. 23-25 сәуір аралығында Ғарышкерлер көшесінің Арай көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігіндегі жол жабылады. Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту