Ескі архив · 27.04.2016 12:22

Елордада Еске алу аллеясы ашылды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында № 60 мектеп-лицейі аумағында Еске алу аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Мектеп оқушылары ардагерлермен бірге жас қарағайлар отырғызып, әр ардагер туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты. Салтанатты шараға Сарыарқа ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сиқымбай Мамыров, Жапаш Кашеков, Василий Макаров, Сейітжан Есілов, Алексей Фролов, Михаил Кочетков, Екатерина Плужникова қатысты. Оқушылар Жеңіс күніне арналған әндер орындады. Ардагерлер балалармен бірге жас көшеттер отырғызып, соғыс ардагерлері туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты. Әр ағашты бағып күтетін оқушылар белгіленді. astana.gov.kz/kk/modules/material/10419
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту