Ескі архив · 30.04.2016 17:36

«Жаужүрек полк» арнайы ролигі шығарылды

Астанада 9-шы мамыр күні «Жаужүрек полк» ауқымды шарасы өтеді. Үш мыңға жуық адам Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, партизандардың және соғысқа басқа да қатысушылардың портреттерін қолдарына ұстап, Тәуелсіздік даңғылындағы«Astana mall» сауда-ойын-сауық орталығынан «Отан Қорғаушылар» монументіне дейін жүріп өтеді. Акцияға арнап шығарылған арнайы роликтен және ақпараттық баннерлерден шараға қатысу шарттарымен танысып, ұйымдастырушылармен байланысу жолдарын білуге болады. Акция 9-шы мамырда сағат 12:30-да басталады. astana.gov.kz/kk/modules/material/10442
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту