Ескі архив · 11.05.2016 12:47

Қала көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Елордада кейбір көшелерде жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. 10-25 мамыр аралығында Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады. Сонымен қатар, 10-17 мамырда Кенесары көшесінің Республика даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жол бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту