Ескі архив · 13.05.2016 17:32

"Білгірлер бәйгесімен" өз біліміңізді сынаңыз!

Бағдарламаның басты мақсаты — әдебиет, тарих, мәдениет т.б тақырыптарды қоғамға насихаттай отырып, еңбек ұжымдарындағы корпоративтік рухты көтеру. «Білгірлер бәйгесі» ойыны — командалық сайыс. Оған мемлекеттік қызметкерлер, министрлік өкілдері, қауымдастық мүшелері мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері шақырылады. Яғни, бұл бағдарламада түрлі еңбек ұжымдарының қызметкерлері іскерлік қырынан бөлек, зияткерлік қабілеттерін танытатын болады. Әр ойында 5 адамнан құралған топ қарсыласымен бақ сынасады. Жеңген команда екінші айналымға жолдама алады. Бағдарлама жүргізушісі — белгілі тележурналист — Қанат Әуесбай.
Авторы:
arailym_zhalauly

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту