Астанада джиу-джитсу жекпе-жегі танымалдыққа ие болуда
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорттық-сауықтыру кешенінде жасөпірім және ересек спортшылар арасында джиу-джитсу белбеуіне жоспарлы көктемгі аттестация өтті деп хабарлады inform.kz ақпараттық агенттігі.
Аттестация комиссиясы құрамында Қазақстан Джиу-джитсу қауымдастығының жаттықтырушы құрамы, сонымен қатар байқаушы кеңесінің мүшелері болды.
Жалпы алғанда, шараға 80-ге жуық адам қатысты олардың арасында балалар үйінің тәрбиеленушілері, халықаралық жарыстарға қатысушылар да болды.
Айта кетерлігі, соңғы уақытта әйелдер арасында бұл спорт түріне зор қызығушылық байқалады. Бүгінгі шара қатысқандардың 7 пайызын қыздар құрады.
Аттестацияға қатысушылардың басым бөлігі өздерінің жаңа белбеуге лайықты екендіктерін дәлелдеді. Бұл жаттықтырушы құрам мен спортшылардың өздерінің жүйелі әрі қарқынды жұмыстарының жемісі деуге болады.
