Ескі архив · 19.05.2016 19:23

ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард Астана экономикалық форумының (АЭФ) аясында ХВҚ-ның Өңірлік конференциясына қатысу үшін келесі аптада Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады. «АЭФ-ке орайластырылған ХВҚ-ның Өңірлік конференциясы 24 мамырда Астана қаласында жабық дөңгелек үстел форматында өтеді. Конференцияға қатысушылар ретінде Орталық Азия, Кавказ, Еуразия өңірінің елдері экономикалық блогының бірінші басшылары сөз сөйлейді» — деді Ғ. Пірматов. Оның айтуынша, конференция барысында өңірдің ағымдағы экономикалық жағдайын және ортамерзімді перспективада орнықты өсуге жәрдемдесуді талқылау жоспарланған. Еске сала кетсек, ХВҚ-ның негізгі мақсаты экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу және қорға мүше елдерге практикалық көмек көрсету.
Авторы:
by_Terek

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту