Ескі архив · 30.05.2016 14:32

Қазақстандықтардың 64%-ы «ЭКСПО-2017» көрмесінен көп үміт күтеді

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «ЭКСПО көрмесі-2017» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оған Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 1760 адам қатысты. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73%-ы әйел және 27%-ы ер азаматтар. Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Зерттеу 2016 жылы 6-18 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің максималды мөлшері 0,5%-дан аспайды. Ел өміріндегі айтулы оқиға ЭКСПО халықаралық көрме жайлы қазақстандықтардың пікірі бір жақты. Жалпы, халықтың көзқарасы дұрыс. Бұл түйін зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 64%-ы көрмені өткізу мүмкіндігіне ие болған ел үшін ЭКСПО-ң пайдалы тұсы – елімізде және әлемде ғылыми-техникалық прогресс дамиды, еліміздің халықаралық аренадағы беделі артады, үлкен кірістер, әрі инвестиция тартуға мүмкіндік туады және өзге елдермен тиімді байланыс орнатамыз дейді.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту