Ескі архив · 06.06.2016 14:19

Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

6 маусымнан бастап елордада Сығанақ көшесін Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан бастап М3 көпірге дейін және Шәмші Қалдаяқов көшесін М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін кеңейтуге байланысты кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді: — № 4 маршрут: Б. Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Ж. Нәжімеденов және Ш. Қалдаяков көшелерімен жүрмейді; — № 14 маршрут: Б. Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Қ. Аманжолов көшесін айналып өтеді; — № 21 маршрут: Д. Қонаев көшесінен Р. Қошқарбаев даңғылымен Байтұрсынов көшесінедейін, Ш. Қалдаяков көшесімен жүрмейді; № 32 маршрут: Орынбор көшесімен, Қошқарбаев даңғылымен және Байтұрсынов көшесіменДостық көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Нәжімеденов және Қалдаяков көшелерімен жүрмейді; — № 51 маршрут: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ және Сауран көшелерімен жүрмейді; — № 52 маршрут: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ көшесіне кірмейді; — № 55 маршрут: Тұран даңғылынан Сарайшық көшесімен жүреді, Сығанақ, Түркістан, Достық және Орынбор көшелеріне кірмейді. Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі. материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Авторы:
by_Terek

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту