Ескі архив · 09.06.2016 12:45

Silk Way-2016 би байқауына он мемлекет бишілері қатысады

10-12 маусымда Оқушылар сарайында Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің және еліміздің өңірлерінен келген бишілері бақ сынайды. Би фестивалі үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. 7-17 жастағы балалар кіші, орта және ересек топтарда ча-ча-ча, самба, вальс және т.б. танымал бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салады. — Бұл біздің ең үздік жобаларымыздың бірі. Біз балалардың өнерін, шығармашылығымыздың ерекшелігін және қонақтарымыздан не үйренетінімізді көрсетпекпіз. Қазылар алқасының мүшелері – тәжірибелі педагогтар – хореографиялық залдарда балалар мен бапкерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді, — деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева. Фестиваль аясында сондай-ақ, халық билерінен конкурс өтеді. Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Авторы:
by_Terek

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту