Ескі архив · 09.06.2016 09:50

Жыламашы, жарығым... (өлең)

Суретте: лаңкесшілердің қолынан қаза тапқан Даниель Майлыбаевтың ұлы. Бір-ақ сəтте лайланып сала берді-ау тұнығың, Бір-ақ күнде қатайып кетті сенің жұлының. Көз алдымда бұлдырап өтіп барады өмірің… Не деп сені жұбатам?! Не айтайын, құлыным… ▫ Асқар таудың бір сəтте шөгетінін кім білген… Бір-ақ сəтте қайғы-мұң төнетінін кім білген… Бір-ақ күннің ішінде сəби көңіл шатынап Өлетінін кім білген… ▫ Ашық күнде көгіңнен қайғы жауып, құлады ар, Жыламашы демеймін… Жыла, ботам, жылап ал… Енді сенің маңдайың — өмір жазған бір дастан Ауыр оның сұрағы əр… ▫ Кеше ғана бала едің, қайғы-мұңнан басқа əні, Тағдыр осы… Бір күнде-ақ сені есейтіп тастады… Сенің əкең — хас батыр! Жоқтап шықты түнімен Ақтөбенің аспаны… ▫ Өр əкенің ұлысың! Жігеріңді жанығын! Жетеді оған намысың, ерік-жігер, танымың! … не деп енді жұбатам, не деп енді алдайын? Маңдайыңнан сипайын, Жыламашы, жарығым… © Ақтөбелік ақын Индира Кереева 09.06.2016 ж. Қазақстан Республикасында қаралы күн! Мемлекеттік аза тұту күні! Ақтөбедегі террористердің кесірінен зардап шеккен отбасыларға қайғырып көңіл айтамын! Инстаграм Твиттер Фейсбук
Авторы:
ErzhanKhamitov

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту