Ескі архив · 23.07.2016 18:45

Android смартфондағы суреттерді Prismaландырғыңыз келсе

Android-қа арналған нұсқасы әлі ресми шықпаса да танымал болып үлгерген Prisma Android қолданушыларына бета-нұсқа үшін шақырулар жібере бастады. Бетаның өзінде 35 фильтр бар екен әзірше. Ал, ресми нұсқасы жақында шығады. Play Market-тің жаңа хит қосымшасы болады деп күтілуде. Prisma-дан шақыру алу үшін қосымшаның ресми сайтына өтіңіз: prisma-ai.com/ Төмендегі Sign up for news түймесін басып, атыңыз бен email адресіңізді жазыңыз. Поштаңызға шақыру келгеннен кейін сілтеме арқылы смартфоныңызға түсіріп алуыңызға болады.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту