Ескі архив · 24.07.2016 14:14

Елордада «Яркокросс» қайырымдылық марафоны өтті

«Яркокросс» қайырымдылық марафоны елордада төртінші рет өткізіліп жатыр. Орталық паркте өткен шараға түрлі жастағы 1200 астам адам қатысты. Марафон ұзындығы 5 шақырымды құрады. Шараға қатысушылар басты бес нүктені бағындырды, ал еріктілер болса, оларға бояу ұнтақтарын шашты. Мақсат — мәреге бірінші болып жету емес, шараға қатысу. Марафон астаналықтарға керемет көңіл күй сыйлап қана қоймай, қаланың экологиясының дамуына да септігін тигізеді. Қайырымдылық шарадан жиналған қаржы Асананы көгалдандыруға жұмсалады. — Биылғы жоба елімізде су үнемдеуге бағытталған. Болашақ ұрпаққа да суды қажет екендігін жеткізуге тырысамыз, — дейді Астана қаласындағы «Посади дерево» қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары Земфира Низамутдинова. Шара соңында флешмоб ұйымдастырылды. Астаналықтар бас сахнаның жанында ашық түсті бояуларды көкке шашып, түрлі түсті бұлт жасады. astana.gov.kz/kk/modules/material/11041
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту