Ескі архив · 02.08.2016 18:14

Өз заманының ең үздік шахматшылары

Менің «ауруларымның» біріне қатысты тамаша материалға кез болдым. Шахматқа қызығушылар үшін Рэнди Олсон ғажайып видео ұсынады. Бұл роликте ол соңғы 200 жылдағы топ-шахматшылардың шамалас күшін үш түрлі метрикада айшықтайды. Оның себебі, рейтингілік жүйелер тек сол заманға тән болатын. Сонымен, Петровтан Карлсенге дейін — EDO рейтинг (1809-1920) — CMR перфоманс рейтингі (1910-2005) — ФИДЕ-нің ресми ELO-рейтингі (2000-2016) арқылы жасалған графика! Cуретте — ArtNow-ға тиесілі Валерий Ярославцевтің «Шахматшылар» картинасы.
Авторы:
MERmukhanov

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту