Ескі архив · 19.08.2016 22:26

Ғашықтар диалогы

Ж: Сүйем сені, жоқпын бірақ қасыңда Бір көргеннен ғашық болдым расында Жоқ болса да, тәнім менің жоқ болсын Болар бірақ жүрек сенің қасыңда Қ: Сүйем сені, сүймей қайда барамын? Алыстасың, бірақ шыдап бағамын Көрер күнді күнде аңсап мен жаным Махабаттың мәңгі отына жанамын Ж: Шын сүйемін, мені жаным ұмытпа Атыңды айтам алған әрбір тыныста Жүрек әрбір соққан кезде сен дейді Сені еске алғанда ол өлмейді Қ: Сүйем жаным, сүйемін ғой тек сені Бірақ жаным саған біраз өкпелі Ұмытар деп қалай ғана ойладың Сонау сонау ұмытылмас кештерді Ж: Күн санаймын, бірақ уақыт өтпейді Айдай жүзің көз алдымнан кетпеді Дүниеде қыздар көп қой, бірақ та Жаным саған ешбірі де жетпеді Қ: Мына күндер өтпеді ғой, кетпеді Сағынамын бір өзіңді, тек сені Жолықса да қанша жігіт өзіме Саған, жаным ешбірі де жетпеді
Авторы:
InabatKussainova

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту